13. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) және міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинау мен өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.
11-тарау. БАНК ҚҰПИЯСЫ. БАНКТЕГІ АҚША МЕН МҮЛІККЕ ТЫЙЫМ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ӨНДІРІП АЛУ
69-бап. Банк құпиясы
1. Банк құпиясына банктің клиенттері мен корреспонденттері, олардың операциялары және банктік көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз:
банктік шоттардың бар екендігі, иелері мен нөмірлері және банктердің корреспонденттері;
осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы;
аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері);
клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өзінің операциялары (банк операцияларын жүзеге асырудың жалпы шарттарын қоспағанда);
банктің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкінің бар екендігі, иелері, сипаты мен құны;
клиенттердің қарыздар алуы (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа);
төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шот ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кіреді.
Банкті тарату рәсімі басталғанға дейін таратылатын банк берген және (немесе) алған қарыздар туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2. Банк өз клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары туралы және шоттары туралы құпияға, сондай-ақ банктердің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүліктің құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепілдік береді.
3. Осы баптың 10-тармағының 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік м індеттері н жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған банктердің, банк холдингтерінің, осы баптың 10-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлері және өзге де тұлғалар оларды жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықта болады.
2) шот (мүлік) иесінің банкке жазбаша түрде ұсынылған келісімінің негізінде не шот (мүлік) иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға;
3) осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде осы бапта көрсетілген өзге де тұлғаларға ашылуы мүмкін.
5. Банктер мемлекеттік кіріс органдарына:
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында:
заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, шетел азаматының, азаматтығы жоқ адамның банктік шоттар ашуы, жабуы не осы Заңда көзделген жағдайларда банктік шот ашылған, жабылған не өзгертілген күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей осындай тұлғалардың сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың жеке сәйкестендіру кодының өзгертілгені туралы хабарламаны;
салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша коллекторлық агенттіктермен жасалған басқаға беру шарттары жөніндегі мәліметтерді;
сұрау салу бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексерілетін жеке тұлғаға берілген қарыздар (кредиттер) туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мәліметтерді;
2) салықтық тексеру және деңгейлес мониторинг жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттарды;
3) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес бақылануға жататын экспорттық немесе импорттық операциялар жөніндегі мәліметтер мен құжаттарды;
5) сұрау салу бойынша салық төлеуші дара кәсіпкерлердің немесе жеке практикамен айналысатын адамдардың, заңды тұлғалардың жекелеген санаттары бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалын қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсынады (жібереді).
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер ұсынылатын салық төлеушілердің санаттарын, оларды ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
6) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсынады (жібереді).
Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
7) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ақпарат алмасу туралы халықаралық шартқа сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке тұлғалардың, бейрезидент заңды тұлғалардың, бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді;
8) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың тоқсандағы жиынтық сомалары туралы мәліметтерді;
9) сұрау салу бойынша банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді, жеке немесе заңды тұлға мен банк арасында жасалған, банктік қызметтер көрсетуді көздейтін шартқа қатысты өзге де ақпаратты, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттің мемлекеттік кіріс органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруында өзге мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді;
10) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебінде тұрған тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәліметтерді;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті органның және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісімен бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынады (жібереді).
1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды;
2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы «цифрлық үкімет» төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға «цифрлық үкімет» төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпаратты, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтерді;
3) басқа банктерге банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды, осы Заңның 68, 94, 95, 97 және 98-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажетті мәліметтерді;
2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) электрондық нысанда қызметтер көрсету субъектісінің және электрондық нысанда қызметтер алу субъектісінің сұрау салуы бойынша электрондық нысанда:
сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банктік шоттың тиесілігі және «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің және жылжымайтын мүліктің кепіл шартының бар-жоғы;
жеке және заңды тұлғалар «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді;
2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органға цифрлық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігінің, оның ішінде киберқауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты;
6) банк-агентке «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді (егер мәліметтерді ұсынатын банк кредиторлар синдикатының қатысушысы болып табылса);
7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, сондай-ақ активтерді тәуелсіз бағалауды, техникалық, қаржылық және (немесе) заң аудитін жүзеге асыратын, сондай-ақ өзге де қызметтерді көрсететін заңды тұлғаға екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның өз жарғылық қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті мәліметтерді;
8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қарыз алушысы, кепілдік берушісі, кепілгері, лизинг алушысы немесе кепіл берушісі болып табылатын тұлғаға қатысты:
банктік шоттарының бар екендігі және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, банк операциялары (банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттарын қоспағанда) туралы анықтамаларды;
банктің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүліктің бар екендігі, сипаты мен құны туралы мәліметтерді ұсынады (жібереді).
Көрсетілген ақпарат екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның сұрау салуда көрсетілген қарыз бойынша талап ету құқықтарын сатып алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылған жағдайда, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның басқарма төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған жазбаша сұрау салу негізінде беріледі.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қарыз бойынша талап ету құқықтарын сатып алғанын растайтын құжаттардың көшірмелерінде «Көшірмесі дұрыс» деген белгі көрсетіледі. «Көшірмесі дұрыс» деген белгі тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру бойынша тиісті өкілеттіктер берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның уәкілетті адамының лауазымы, тегі мен аты-жөні, куәландыру күні көрсетіле отырып, оның қолымен куәландырылады және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым мөрінің бедерімен бекітіледі;
9) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «Қазақстан орнықтылық қоры» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру және (немесе) Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді;
69-бабы 6-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) алдындағы міндеттемелер мәжбүрлеп қайта құрылымдауға жататын банктің кредиторларына, сондай-ақ реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау шеңберінде басқа банктерге мәліметтерді;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша ақпаратты;
кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпаратты;
12) Қазақстан Республикасының резидент банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтерді;
13) жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шартты нотариустың куәландыруы бойынша қолма-қол ақшасыз нысанда жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау үшін банк клиентіне ашылған эскроу-шоттағы ақшаның бар-жоғы және сомасы туралы ақпаратты нотариустың банк клиентінің келісімімен электрондық нысанда қалыптастырылған сұрау салуы бойынша электрондық нысанда;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылған тізілімнің үзінді көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салуы бойынша, тізілімге енгізілген тұлғалар бойынша банк құпиясын құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкіліне құқықтар (талаптар) бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін банктік қарыз шарты (берілген кредит) бойынша, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру шеңберіндегі мәліметтерді;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе жеке тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады (жібереді).
7-тармағының бірінші бөлігі 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі, реттеу режиміндегі банк, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік және уәкілетті орган Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға мұндай банктің активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, оның қызметі туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк, операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік немесе банктің тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және банк-агенттерге жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда, оның міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес бақылануға жататын экспорттық немесе импорттық операциялар бойынша ақпарат және (немесе) құжаттар ұсынуды;
2) мемлекеттік кіріс органы мен уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпарат ұсынуды;
3) уәкілетті органмен ақпарат, оның ішінде банк құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды;
4) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты өзіне осындай ақпаратты берген тараптың келісімімен ғана ұсынуды;
5) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-2) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға банк құпиясын қамтитын ақпаратты көрсетілген бапта көзделген шарттармен ұсынуды;
6) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізілген, баламасында елу мың АҚШ долларынан басталатын сомадағы валюталық операциялар бойынша, мәмілелер (келісімшарттар) бойынша, оның ішінде тауарсыз операциялар бойынша жеке тұлғаның (жеке тұлғаға), заңды тұлғаның (заңды тұлғаға), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесіне) төлемдері және (немесе) Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына жасалған ақша аударымдары туралы уәкілетті банктерден алынған ақпаратты мемлекеттік кіріс органына ұсынуды;
7) мемлекеттік кіріс органына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды ұсынуды;
8) мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезиденттің кірістері деп танылатын операциялар туралы мәліметтер ұсынуды;
9) «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетіне «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының тапсырмасы бойынша уәкілетті банктер жүргізген валюталық операциялар туралы мәліметтер ұсынуды;
10) мемлекеттік кіріс органына «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінен алынған, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жүргізген валюталық операциялар туралы мәліметтер ұсынуды жүзеге асырады.
2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде цифрлық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты;
2) аудиторлық ұйымға осы Заңның 82-бабы 10-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты;
3) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға банк құпиясын қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен;
4) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты өзіне осындай ақпаратты берген тараптың келісімімен ғана;
9-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) жүйелік маңызы бар банкті реттеу режимінде мемлекеттік қатысу туралы мәселені қарау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне банк құпиясын қамтитын ақпаратты ұсынады.
10. Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді:
1) банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген (қайта берілген) кезде осы Заңның 63-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Заңның 63-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға банктік қарыз шарты бойынша ақпарат бөлігінде;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сервистік компанияға осы ұйым, сервистік компания құқықтарды (талаптарды) иемденген, сенімгерлік басқаруға алған қарыз бойынша ақпарат бөлігінде;
3) осы Заңның 63-бабы 1-тармағында аталған тұлғалар нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпаратты жинау жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылатын, осы Заңның 63-бабына сәйкес құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде коллекторлық агенттікпен немесе сервистік компаниямен жасалған шарт шеңберінде осы коллекторлық агенттікке кредит (қарыз) бойынша ақпарат бөлігінде;
4) мемлекеттік органның лауазымды адамы немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адам қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберген кезде растаушы құжаттар мен материалдар түрінде ұсынады;
5) кредиттік бюроға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз операциялары бойынша;
6) кредиттік бюроларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттік бюродан ақпарат алуға құқығы бар адамдарға кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегіне қатысты теріс ақпарат бөлігінде;
7) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы, қаржы ұйымдары, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген төлем қызметтерін ұсынатын төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығына қатысушы өзге тұлғалар арасында деректер алмасу кезінде алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын өзге де төлемдер және (немесе) аударымдар бойынша ұсынылады;